Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» •

    Жетісу облысында жас босанған аналар мен жетім балалардың құқығы бұзылған — прокуратура

    Жетісу облысында жас босанған аналар мен жетім балалардың құқығы бұзылған — прокуратура

    Сарқан ауданының прокуратурасы қорғаншылық және қамқоршылық органдары 4 жетім балаға тиесілі мүлікке қатысты мәмілелер жасауға тыйым салу туралы ауыртпалық салу жөніндегі өздерінің заңнамада белгіленген міндеттерін («Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» 13 — баптың 3-тармағы) орындамағанын анықтады.

    «Мұндай тыйым болмаған жағдайда балалардың мүлкі қандай да бір кедергісіз үшінші тұлғаларға өтуі мүмкін екендігі жоққа шығарылмады. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың мүлкіне қатысты мәмілелер жасауға тыйым салатын ауыртпалық салу шараларын қабылдады», — деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.   

    Тағы бір жағдай, Көксу ауданының прокуратурасы балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі — ТМККК) беру саласындағы бұзушылықтарды анықтады. Ауданның медициналық ұйымына жыл басынан бастап босандыру ұйымынан шығарылған кезде 112 ана мен балаға бірінші қажеттілігі бар «Медициналық қобдиша» берілмегені анықталды (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығының 30-тармағы).

    Прокуратураның қадағалау актісі бойынша «Медициналық  қобдишалары» берілді, кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →