Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • 11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады •

    11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн

    11 қазан, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Кей өңірлерде жаңбыр, тұман және жел күшеюі мүмкін.

    11 қазанға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда жылы әрі жауын-шашынсыз күн

    Фото: freepik

    11 қазан, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Дегенмен кей өңірлерде жаңбыр жауып, тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C. Алматыда түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C, жауын-шашын күтілмейді. Шымкентте күн ашық, түнде +10…+12°C, күндіз +24…+26°C.

    Ақмола облысында күндіз +13…+20°C, кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысында +17…+25°C, жауын-шашынсыз. Абай облысында +10…+22°C, күн ашық. Ақтөбе облысында +17…+25°C, кей аудандарда жаңбыр жаууы мүмкін. Атырау облысында +22…+27°C, жаңбыр күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысында +22…+27°C, кей жерлерде жаңбыр жауады. Жамбыл облысында +17…+25°C, жауын-шашынсыз. Жетісу облысында +17…+25°C, жел күшеюі мүмкін. Қарағанды облысында +13…+22°C, күн ашық. Қостанай облысында +17…+25°C, жаңбыр мен тұман күтіледі.

    Қызылорда облысында +23…+28°C, жауын-шашынсыз. Маңғыстау облысында +22…+27°C, кей аудандарда жаңбыр жауады. Павлодар облысында +13…+20°C, жауын-шашынсыз. Солтүстік Қазақстан облысында +13…+20°C, кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түседі.

    Түркістан облысында +18…+23°C, күн ашық. Ұлытау облысында +13…+22°C, жауын-шашынсыз. Шығыс Қазақстан облысында +10…+22°C, негізінен жауын-шашын күтілмейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →