Ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін
Денсаулық сақтау министрлігі тым ыстық шай мен кофе ішу өңеш қатерлі ісігі қаупін арттыруы мүмкін екенін ескертті. Оксфорд зерттеуі миллионға жуық адамды қамтыды.
Фото: ChatGpt арқылы жасалды
Денсаулық сақтау министрлігі тым ыстық шай мен кофе ішу өңеш қатерлі ісігінің даму қаупін арттыруы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Оксфорд университетінің ғалымдары ыстық сусындардың температурасы мен оларды ішу жиілігінің өңеш қатерлі ісігіне әсерін зерттеген. Зерттеуге миллионға жуық адамның деректері енгізілген.
Зерттеу нәтижесі сусынның мөлшері ғана емес, оның температурасы да маңызды екенін көрсетті.

Зерттеу нәтижесі бойынша, шай мен кофені өте ыстық күйінде ішетін адамдарда өңеш қатерлі ісігінің бір түріне шалдығу қаупі жылы сусын ішетіндерге қарағанда үш есе жоғары болған. Ал күніне алты немесе одан да көп кесе ыстық сусын ішетін адамдарда қатерлі ісіктің осы түріне шалдығу қаупі 71%-ға артқан.
Ғалымдар шай мен кофенің әсерінен айтарлықтай айырмашылық байқамаған. Олардың болжамынша, мұнда сусынның түрінен гөрі температурасы маңызды рөл атқарады. Өйткені тым ыстық сұйықтық өңештің шырышты қабатын зақымдауы мүмкін.
“Сүйікті шайыңыздан немесе кофеңізден бас тартудың қажеті жоқ. Тек сусынның сәл суығанын күтіп, ауызды күйдіретіндей ыстық күйінде ішпеген жөн. Денсаулықты күту қарапайым әдеттерден басталады. Кейде ішетін сусынды емес, оның температурасын өзгерту жеткілікті”, – деп кеңес берді министрлік.
Айта кетейік, бұған дейін Дәрігер кофе қай кезде пайдалы, қай кезде ағзаға улы болатынын ажыратып айтқаны туралы жазған едік.
