Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды
Алматыда тұрғын үйден ер адамды ұрлауға күдікті үш адам ұсталып, қамауға алынды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Сурет: Polisia.kz
Алматыда түсірілген бейнежазба жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Желіде тараған видеода екі ер адамның көпқабатты тұрғын үйге кіргені, кейін белгісіз біреудің бір ер адамды иығына көтеріп, подъезден алып шыққаны бейнеленген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жергілікті тұрғындар көршісінің ұрланғанына күдіктеніп отыр.
Полиция осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Үш күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
