Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды •

    «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті

    «Яндекс Go» сервисі тоқтаған соң inDrive таксиінің бағасы үш есеге өсті. Астана тұрғыны 900 теңгелік жолға 2,6 мың теңге төлеген. Арсен Томский түсініктеме берді.

    «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті

    Сурет: ernur.kz

    11 қазанда таңертең «Яндекс Go» сервисінің жұмысы тоқтаған соң, inDrive арқылы шақырылатын такси құны күрт шарықтап кетті. Threads желісіндегі қолданушылардың жазуынша, кейбір бағыттар бойынша баға үш есеге дейін өскен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Астана тұрғындарының бірі бұрын 900 теңге төлеп жүрген жолы үшін қазір 2,6 мың теңге шығындалуға тура келгенін айтады.

    Компанияның негізін қалаушы Арсен Томский таңертеңнен бері Қазақстандағы inDrive сервисінде жолаушылар мен тапсырыстар санының күрт өскенін, бұл сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуына әкеп соққанын мойындады.

    «Команданың күш-жігерінің арқасында соңғы жылдары сервис жолаушылардан 97,5% сапарға бес жұлдыз алатын деңгейге жетті және біз бұл деңгейді сақтап қалғымыз келеді. Көбірек жүргізуші тарту үшін нарықтағы онсыз да ең төмен комиссияны міндетті салықтарды жабуға қажетті минимумға дейін төмендеттік. Бүгін бағаның шамадан тыс өсімін тежеу үшін саудаласу диапазонын қосымша шектейтін боламыз», деп жазды ол Threads-тағы парақшасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →