Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды •

    «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады

    11 қазанда Қазақстанда «Яндекс» такси мен курьерлік сервистерінің жұмысында ақау пайда болды. Компания қызметтердің уақытша қолжетімсіз екенін растап, кешірім сұрады.

    «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады

    Сурет: istockphoto

    11 қазанда Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлер пайдаланатын «Яндекс» сервистерінің жұмысында ақау тіркелді. Компания өкілдері қызметтердің уақытша қолжетімсіз екенін растады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Яндекс Go» баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір техникалық мамандар сервистердің жұмысын қалпына келтірумен айналысып жатыр. Дегенмен қызметтердің нақты қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз.

    Компания өкілдері туындаған қолайсыздық үшін қолданушылардан, жүргізушілер мен курьерлерден кешірім сұрады. Сондай-ақ сервистерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіруге күш салып жатқанын жеткізді.

    Компания Қазақстан аумағында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтайтынын да атап өтті. Мәлімдемеге сәйкес, қазақстандық қолданушылардың жеке деректері ел аумағындағы серверлерде және Қазақстан заңнамасына сай қорғалуын қамтамасыз ететін юрисдикцияда сақталады.

    Сонымен қатар цифрлық сервистердің жұмысы бірнеше елде орналасқан серверлерді біріктіретін есептеу инфрақұрылымына тәуелді. Осыған байланысты шетелдегі серверлердің бірінде ақау туындаса, ол бірнеше мемлекеттегі қызметтердің жұмысына әсер етуі мүмкін.

    «Яндекс Go» сервистердің жұмысы толық қалпына келгені туралы қолданушыларға, жүргізушілер мен курьерлерге ресми арналары арқылы хабарлайтынын мәлімдеді.

    Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің бірқатар қаласында, соның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербургте «Яндекс» сервистерінің жұмысында ақаулар болғаны хабарланған. Сондай-ақ Беларусь пен Арменияда да қосымша жұмысына қатысты мәселелер тіркелген.

    Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, ұшқышсыз ұшу аппараттары Владимир қаласындағы, Рязань облысындағы және Калугадағы «Яндекс» деректер орталықтарының инфрақұрылымына шабуыл жасаған. Алайда Қазақстандағы ақаудың осы оқиғалармен тікелей байланысты екені компания мәлімдемесінде нақтыланбаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →