Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр •

    Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі Филипп пен королева Матильданы қарсы алды. Мемлекеттік сапар 11-14 қазан аралығында өтеді.

    Тоқаев Астана әуежайында Бельгия королі мен королевасын қарсы алды

    Фото: Акорда

    Астана әуежайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп пен королева Матильданы салтанатты түрде қарсы алды. Корольдік жұпты тасымалдаған ұшақ ел шекарасынан астананың әуежайына дейін Қазақстан Әскери-әуе күштерінің истребительдерімен ілесіп келді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әуежайдың ұшу алаңында салтанатты қарсы алу рәсімі аясында құрмет қарауылы ротасы мен президенттік оркестр сапқа тұрғызылды.

    Еске салайық, 11-14 қазан аралығында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгия королі Филипп пен королева Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

    Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланады.

    Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Король Филипп пен Королева Матильданың «Қазақстан – Бельгия» іскерлік кеңесінің 4-ші отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да бірқатар іс-шараларға бірлесіп қатысуы көзделген.

    Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →