Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Канадалық журналист CAS-тің Ресейді хоккейге қайтару туралы түсіндірмесіне жауап берді • Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол желісімен қамтылды • Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді •

    Алматы облысында кооператив төрағасы 50 млн теңге субсидияны жымқырған

    Алматы облысында кооператив төрағасы 50 млн теңге субсидияны жымқырған
    Screenshot

    Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқыру және заңдастыру дерегі анықталғанын мәлім етті.

    «Жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде 2023 жылы ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы шындыққа жанаспайтын ақпаратты қолдана отырып, 50 млн теңге субсидия алғаны анықталды», — деп жазылған хабарламада.

    Сондай-ақ кооператив төрағасы өзінің қылмыстық табысын көбейту және заңдастыру мақсатында субсидиялау талаптарын ескермей, түскен мемлекет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитіне аударып, түскен пайданы өз қажетіне жаратқан.

    Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →