Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды •

    Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі

    Астаналық 23 жастағы актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының «Рассвет Жатвы» фильмінде Англер рөлін сомдайды. Премьера 2026 жылы 19 қарашада.

    Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі

    Сурет: toppress.kz

    23 жастағы астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа экранизациясы — «Рассвет Жатвы» фильміне рөл алды. Қазақстандық әртіс Англер есімді кейіпкерді сомдайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Актер киножобаға қатысатынын Instagram парақшасында хабарлап, «The Hunger Games: Sunrise on the Reaping 2026» деген қолтаңбамен бірнеше сурет жариялады.

    Диас Қалдыбеков Астанада дүниеге келген. Ол Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін «хор дирижерлау» мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі уақытта актер Берлинде тұрып, еуропалық киноиндустрияда мансап құрып жүр. Ол MABO Agency актерлік агенттігімен ынтымақтасып, бірнеше жобаға қатысқан, оның ішінде «Bitten Soon» және «Alien Husband» бар.

    Оның танымал кинофраншизада пайда болғаны туралы жаңалық әлеуметтік желі қолданушыларының белсенді реакциясын тудырды. Әртістің жарияланымы астында құттықтаулар мен қолдау сөздері жазылды. Жазылушылар оның жетістігін «Бұл шындыққа сыймайды!», «Сен өте кереметсің!» және «Үздік» деген пікірлермен атап өтті.

    «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильмі американдық жазушы Сьюзен Коллинздің аттас романына негізделген. Картинада сондай-ақ Рэйф Файнс, Джесси Племонс және Эль Фаннинг түседі. Фильмнің ТМД кинотеатрларындағы премьерасы 2026 жылдың 19 қарашасына жоспарланған.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Dias Kaldybek (@diaskarider)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →