Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты

    Алматы облысының боксшысы Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Тимур Нұрсейітовті нокаутқа түсіріп, финалға шықты.

    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты

    Сурет: sports.kz

    Таразда өтіп жатқан бокстан Қазақстанның 2026 жылғы чемпионатында 85 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық жекпе-жек қарсыласын таза нокаутпен аяқталды. Алматы облысының өкілі Сұлтанбек Айбарұлы Астанадан келген Тимур Нұрсейітовті нокаутқа түсіріп, турнирдің финалына жолдама алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бірінші раундта Нұрсейітов басымдық танытқанымен, екінші раундта Айбарұлы жекпе-жек барысын өзгерте білді және есепті теңестірді. Шешуші сәт үшінші раундта келді: Сұлтанбек Айбарұлы қарсыласын таза нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Осылайша, Алматы облысының өкілі ұлттық біріншіліктің финалына жолдама алды, ал Тимур Нұрсейітов турнирдегі өнерін қола медальмен аяқтады.

    Ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстанның 2026 жылғы чемпионаты Таразда 30 қазаннан 6 қарашаға дейін жалғасады. Жарыста 20 медаль комплектісі сарапқа салынады — оның ішінде ерлер арасындағы он және әйелдер арасындағы он салмақ дәрежесінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →