Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді
Тараздағы бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Ертуған Зейнуллинов 65 кг салмақта Абзал Серікке бірауыздан жеңілді. Шымкенттік боксшы финалға шықты.
Сурет: sports.kz
Таразда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Шымкенттен келген Абзал Серік пен Алматы облысының өкілі Ертуған Зейнуллинов финал жолдамасын сарапқа салды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
65 килограмм салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық жекпе-жекте төрешілер бірауыздан (5:0) Серіктің басымдығын мойындады. Ол алтын медаль үшін күресін жалғастырады, ал Зейнуллинов ұлттық біріншілікті «қоламен» аяқтады. Еске салайық, Зейнуллинов — 2025 жылғы әлем чемпионатының және 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Ұлттық біріншілік Таразда Қазақстан бокс федерациясының қамқорлығымен өтіп жатыр. Турнир 30 қазанда басталып, 6 қарашада мәреге жетеді. Бағдарламада ерлер арасында он, әйелдер арасында он салмақ дәрежесі қарастырылған.
