Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты • Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті • Астанадағы қосымша білім беруде QR-код пен Face ID енгізілуде • СҚО халқының тозығы жеткен жолға шағымы көп • Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Астана әуежайынан қарсы алды • Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды • АҚШ-та қарулы шабуыл: Флоридада екі адам қаза тапты •

    Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті

    Қазақстандағы фармацевтика ғылымының негізін қалаған Кеңесбай Үшбаев өмірден өтті

    Фото: ҚазҰМУ

    5 қарашада фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Кеңесбай Үшбаев 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Кеңесбай Үшбаев 1983 жылы фармацевтика ғылымдарының докторы атанған тұңғыш қазақ әрі Орталық Азиядағы алғашқы ғалым болды. Ол Қазақстандағы фармацевтика ғылымын, білім беру ісін және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

    Ғалым Алматы мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас дәріхана басқармасын басқарды.

    Профессор 150-ден астам ғылыми еңбек жазып, оның жетекшілігімен және ғылыми кеңесшілігімен 24 ғылым кандидаты мен 3 фармацевтика ғылымдарының докторы даярланды.

    Университет ұжымы ғалымның туған-туыстарына, жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне қайғыра көңіл айтты.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →