Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Бектенов: Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өнім басым болуы керек • Рыбакина Брисбендегі жаңа маусымның алғашқы турнирінде бақ сынайды • Қазақстандықтар бірнеше күн бойы көлігін сақтандыра алмай жүр • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Бектенов: Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өнім басым болуы керек • Рыбакина Брисбендегі жаңа маусымның алғашқы турнирінде бақ сынайды • Қазақстандықтар бірнеше күн бойы көлігін сақтандыра алмай жүр •

    Танымал ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды

    Танымал ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды

    Фото: Видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде «Шерзат ісіне» байланысты жазған өлеңдерімен танылған жас ақын Ербол Бықыбаев Тараз қаласында ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл туралы заңгер Дәулетхан Ахметов мәлімдеді.

    Заңгердің хабарлауынша, ақынға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни терроризмді насихаттау дерегімен күдік келтірілген.

    Дәулетхан Ахметов аталған бапта көзделген жаза қатаң екенін атап өтті. Атап айтқанда, бұл құқық бұзушылық үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Еске салайық, Ербол Бықыбаев әлеуметтік желіде патриоттық мазмұндағы жырларымен танылған. Әсіресе, «Шерзат ісіне» қатысты жазған өлеңдері көпшілік арасында кеңінен тараған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →