Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды • Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды • Алматыдан 11 оқушы жасанды интеллект жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін Кремний алқабына аттанды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды •

    Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды

    Каспийдегі трагедия: Тергеу амалдары аяқталуға жақын қалды

    Фото: Қорғаныс министрлігі

    Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Істің барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін бірқатар тергеу амалдарын жүргізген.

    Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан аса сот сараптамасы мен зерттеу тағайындалған.

    Тергеу аясында қызметтік міндетіне салғырт қарады және кеме жүргізу ережелерін бұзды деген күдікпен сегіз лауазымды тұлға сот санкциясымен қамауға алынған. Олардың қатарында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның екі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері және катер капитаны бар.

    Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр.

    Бас прокуратура тергеу барысын ерекше бақылауда ұстап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →