Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды • Зеленский АҚШ өкілдерімен 90 минут сөйлесті: Абу-Дабидегі келіссөздерге дайындық • Танымал ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды • «Қайрат» – «Аталанта» матчына Қазақстаннан 133 жанкүйер барады • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды • Зеленский АҚШ өкілдерімен 90 минут сөйлесті: Абу-Дабидегі келіссөздерге дайындық • Танымал ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды • «Қайрат» – «Аталанта» матчына Қазақстаннан 133 жанкүйер барады •

    Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады

    Қазақстандық Чирюкин 25 метрден жылдам атылатын тапаншадан атудан 582 ұпай жинап, әлем чемпионатының финалына шыға алмады. Финалда неміс Флориан Петер жеңіске жетті.

    Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады

    Сурет: inbusiness.kz

    Қазақстандық спортшы 25 метр қашықтықтан жылдам атылатын тапаншадан ату жаттығуында өнер көрсетті. Іріктеу қорытындысы бойынша Чирюкин 582 ұпай жинап, тоғызыншы орынды иеленді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол оңтүстіккореялық Ли Гонхёкпен бірдей нәтиже көрсетті. Алайда кореялық спортшы ішкі ондыққа көбірек тигізгенінің арқасында (25-ке қарсы 24) сегізінші сатыға көтерілді.

    Осылайша, Қазақстан өкілі финалға шығуға бір қадам жетпей қалды. Шешуші кезеңге үздік сегіз қатысушы жолдама алды.

    Финалда неміс спортшысы Флориан Петер жеңіске жетті. Күміс медальді француз Клеман Бессаге иеленсе, қола жүлде оның отандасы Жан Кикампуаға бұйырды.

    Бұған дейін осы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы медалін Ирина Юнусметова жеңіп алғаны хабарланған. Ол 50 метр қашықтықтан тапаншадан атудан қола жүлдегер атанды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →