Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды
Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам 29 қазанда үйінен шығып кетіп, бірнеше күннен кейін қала аумағынан өлі табылды. Полиция зорлық-зомбылық белгілерін анықтаған жоқ.
Фото: freepik
Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды. Деменцияға шалдыққан ер адам 29 қазан күні үйінен шығып кеткен, бірақ сол күні қайтып оралмаған. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз болып, іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Іздеу барысында зейнеткердің мәйіті қала аумағынан табылды. Полиция сот сараптамасының нәтижесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын хабарлады.
«Сот сараптама қорытындысымен мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», – делінген полиция хабарламасында.
