Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Алматыда көмір жағатын дәмханаларды газ бен электрге көшіру күшейтілді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Алматыда көмір жағатын дәмханаларды газ бен электрге көшіру күшейтілді •

    Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды

    Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды

    Фото: Ұлттық ұлан

    Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына тарихта алғаш рет қыз әскери қызметкер қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат енді арнайы жасақ құрамында қызмет етеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы хабарлады.

    Ол Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында «Томирис» қыздар командасының сапында өнер көрсетіп, әйелдер арасындағы санатта Қазақстанға алтын медаль әперген. Жарыстағы мергендігі мен шеберлігі арнайы жасақ өкілдерінің назарын аударған.

    Қымбат – қоян-қолтық ұрыстан алты дүркін Қазақстан чемпионы, джиу-джитсудан үш дүркін әлем және Азия чемпионы. Сондай-ақ ММА, самбо және басқа да спорт түрлерінен халықаралық жарыстардың жүлдегері.

    Қазір оның басты мақсаты – күрең берет сынағынан өту. Бұл межені бағындырса, Ұлттық ұлан тарихында күрең берет алған алғашқы қыз жауынгер атанады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →