Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты •

    Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды

    Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысын жыныстық зорлық жасады деп айыптаған бұрынғы шәкіртінің ісі ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды.

    Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды

    Фото: әлеуметтік желі

    Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысын жыныстық зорлық жасады деп айыптаған бұрынғы шәкіртінің ісі қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өткендіктен тоқтатылды. Бұл туралы MadeniPortal.kz хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Виктория есімді спортшының айтуынша, оқиға 2020 жылы, ол 15 жаста болған кезде басталған. Алғашында жаттықтырушы әдепсіз әзіл айтып, түнде хабарлама жіберген. Кейін оның әрекеттері жыныстық сипаттағы зорлыққа ұласқанын мәлімдеді.

    Қыз ұялғандықтан, басынан өткенін жақындарына бір жылдан астам уақыт айта алмаған. Психологтің көмегіне жүгінгеннен кейін ғана отбасына айтуға күш тапқан. 2021 жылдың шілдесінде отбасы құқық қорғау органдарына арыз беріп, қылмыстық іс қозғалған.

    Тергеу тоғыз айдан астам уақытқа созылған. Ал сот отырыстары 2022 жылдың жазында басталған. Викторияның сөзінше, жаттықтырушы мен оның адвокатының сотқа келмеуіне немесе денсаулығына байланысты отырыстар бірнеше рет кейінге қалған.

    Ақырында ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. Осылайша, бұрынғы шәкірті айыптаған жаттықтырушы қылмыстық жауапқа тартылмаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →