«Қайрат» – «Аталанта» матчына Қазақстаннан 133 жанкүйер барады
Италиялық журналист Андреа Рискассидің ақпараты бойынша, «Аталанта» – «Қайрат» матчына Қазақстаннан 133 жанкүйер келеді деп күтілуде. Ойын 5 қарашада Бергамода өтеді.
Сурет: instagram/kairat__mahabbatym
Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі сырт алаңдағы ойынында қазақстандық жанкүйерлердің қолдауына ие болады. Италиялық журналист Андреа Рискассидің Non Solo Atalanta басылымында жарияланған ақпаратына сәйкес, «Аталанта» мен «Қайрат» арасындағы матчты тамашалау үшін Қазақстаннан 133 жанкүйер келеді деп күтілуде.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қазақстан мен Бергамоның арақашықтығы шамамен 5450 шақырымды құрайтынын ескеріп, журналист мұндай қолдаудың айтарлықтай жақсы екенін атап өткен. Дегенмен жарияланған сан әзірге алдын ала болжам.
«Аталанта» – «Қайрат» матчы қашан өтеді? Командалар Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында кездеседі. Ойын бүгін, 5 қарашада Бергамодағы «Нью Баланс Арена» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Еске салсақ, алматылық клуб еурокубок ойындарындағы екінші кездесуінде Грекияның «Панатинаикос» командасына 1:5 есебімен есе жіберді. «Қайрат» сапынан соғылған жалғыз голдың авторы Исмаил Бекболат.
