Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Трамп мұхит атауын өзгертуді ұсынды • Эр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты, 300-ден астамы жараланды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады

    Денсаулық сақтау министрлігі ыстық шай мен кофенің өңеш обыры қаупін арттыратынын ескертті. Оксфорд зерттеуі 1 миллион адамның деректерін талдады.

    Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады

    Сурет: istockphoto

    Денсаулық сақтау министрлігі ыстық шай ішуді ұнататын азаматтарға ескерту жасады. Ведомствоның хабарлауынша, тым ыстық шай мен кофе өңеш обырының даму қаупін күшейтуі мүмкін.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Оксфорд университетінің ғалымдары ыстық сусындардың температурасы мен оларды тұтыну жиілігінің өңеш обырының даму қаупімен байланысын зерттеді. Зерттеу барысында 1 миллионға жуық адамның деректері талданған», – делінген хабарламада.

    Нәтижелер көрсеткендей, ішілген сусынның мөлшері ғана емес, оның температурасы да маңызды. Өте ыстық сусындарды ұнататын адамдарда өңештің жалпақ жасушалы обырының даму қаупі жылы сусын ішетіндермен салыстырғанда 3 еседен астам жоғары болған.

    «Күніне алты немесе одан да көп кесе ыстық сусын ішу обырдың осы түрінің даму қаупінің 71%-ға артуымен байланысты болған. Сонымен қатар шай мен кофені тұтынудың арасында айтарлықтай айырмашылық анықталмаған. Ғалымдардың пайымдауынша, негізгі рөлді сұйықтықтың жоғары температурасы атқаруы мүмкін. Өйткені ол өңештің шырышты қабығын зақымдауы ықтимал», – дейді мамандар.

    Министрлік ескерткендей, сүйікті ыстық сусыннан бас тартудың қажеті жоқ. Ең бастысы – оның сәл салқындауын күтіп, ауыз күйдіретіндей ыстық күйінде ішпеу керек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →