Қарағандыда 19 күндік нәрестеге жүрек отасы жасалды
Қарағандыда туа біткен жүрек ақауы бар 19 күндік нәрестеге ота жасалды. Бұған дейін сәби асқазан-ішек патологиясына да операция жасатқан.
Фото: freepik
Қарағандыда туғанына небәрі 19 күн болған сәбидің жүрегіне ота жасалды. Нәрестеде туа біткен жүрек ақауы анықталған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұған дейін бөбекке асқазан-ішек жолының қатар жүретін патологиясына байланысты да операция жасалған болатын.
Бұл жолғы отаны жергілікті мамандар мен UMC Жүрек орталығы балалар кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі бірлесіп жасады.
«Мұндай операциялар өңірде көп жылдан бері жасалмаған. Мамандардың бірлескен жұмысы жергілікті дәрігерлерге тәжірибе беруге және алдағы уақытта осындай медициналық көмекті жаңа туған нәрестелерге тікелей өңірде көрсетуге мүмкіндік береді», — деп жазды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
