Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты •

    Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді

    Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді. ЖРВИ сырқаттанушылығы 10 пайызға төмендеп, 240 мыңнан астам адам екпе алды.

    Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді

    Сурет: istockphoto

    Елімізде маусымдық тұмаудың А(H1N1)pdm09 штамы бойынша алғашқы бес жағдайы расталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Эпидемиологиялық мониторинг деректеріне сәйкес, аталған жағдайлардың үшеуі Астана қаласында, екеуі Маңғыстау облысында анықталған. Зертханалық тексеру барысында барлығы 834 сынама зерттеліп, оның бесеуінен тұмау вирусы табылды.

    Соңғы есепті аптада жедел респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылық 10 пайызға төмендеген. Осы кезеңде елде 127 266 ЖРВИ жағдайы тіркелсе, алдыңғы аптада бұл көрсеткіш 140 273 болған. Қыркүйек айының басынан бері ЖРВИ-дің 760 182 жағдайы анықталды.

    Зертханалық мониторинг басқа да респираторлық вирустардың таралуын растады. Атап айтқанда, риновирустық инфекцияның – 68, маусымдық коронавирустық инфекциялардың – 47, бокавирустық инфекцияның – 50, парагриптің – 32, аденовирустық инфекцияның – 27, респираторлық-синцитиалды инфекцияның – 2 және метапневмовирустық инфекцияның 1 жағдайы тіркелді.

    Тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталғалы бері 240 мыңнан астам адам екпе алды. Нақтырақ айтсақ, 8 қазандағы жағдай бойынша тұмауға қарсы екпені 240 375 адам қабылдаған.

    Халықты тегін вакцинациялау үшін «Гриппол®️ Плюс» вакцинасының 2,1 млн дозасы сатып алынды. Оның құрамы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2026-2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға арналған ұсынымдарына сәйкес келеді. Вакцина еліміздің барлық өңіріне жеткізілді.

    Бірінші кезекте тегін вакцинациялау қауіп топтарына жүргізіледі. Олардың қатарында медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдар мен осы мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша басқа да санаттағы азаматтар бар.

    Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау үшін қазан айы қолайлы кезең екенін еске салады. Себебі екпеден кейін иммундық қорғаныстың қалыптасуына шамамен екі апта қажет. Вакцинациялау тұмаудың ауыр өту және асқыну қаупін төмендетуге көмектеседі.

    Сонымен қатар қарапайым профилактикалық шараларды сақтау ұсынылады: қолды үнемі жуу, бөлмелерді жиі желдету және науқас адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу.

    Дене қызуы көтеріліп, жөтел, тамақ ауруы немесе респираторлық инфекцияның басқа да белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, уақытылы медициналық көмекке жүгіну және өзін-өзі емдеумен айналыспау қажет.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізуді және еліміздің барлық өңірінде профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →