Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі болды Алматының құрметті азаматы Асылы Осман «Барыс» орденімен марапатталды Ақмола облысында 40 мал қорымын салуға 845 млн теңге бөлінеді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі болды Алматының құрметті азаматы Асылы Осман «Барыс» орденімен марапатталды Ақмола облысында 40 мал қорымын салуға 845 млн теңге бөлінеді Қазақстан тоғыз елдің ғалымдарын Ұлыс Жошы мұрасын зерттеуге біріктіреді АҚШ-та Қытай азаматтарына арналған жалған неке желісі әшкереленді Қазақстандағы ресейлік туристер қымыздан аллергиялық реакцияға ұшырады

    Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі болды

    Англия Премьер-лигасының ресми сайтында қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың ойыншы карточкасы пайда болды. Ол «Челси» сапында 36-нөмірмен ойнайды.

    Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» мәртебесі белгілі болды

    Сурет: politico.kz

    Англия Премьер-лигасының ресми сайтында 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың ойыншы ретіндегі жеке карточкасы пайда болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Футболшының профилінде оның лондондық «Челси» клубының ойыншысы екені және 36-нөмірмен өнер көрсететіні көрсетілген. Сонымен қатар карточкада Сатпаевтың Қазақстан азаматы екені, 2008 жылғы 12 тамызда дүниеге келгені және шабуылшы позициясында ойнайтыны жазылған.

    Сатпаев 12 тамызда 18 жасқа толған. Осыдан кейін оның «Челсиге» ауысуына қатысты рәсімдер аяқталып, футболшының деректері Премьер-лиганың ресми базасына енгізілді.

    Қазақстандық футболшы бұған дейін лондондық клубтың маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып, «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуде гол соққан.

    Сонымен қатар оның Премьер-лиганың ресми базасына енгізілуі Сатпаевтың маусым бойы міндетті түрде негізгі құрамда ойнайтынын білдірмейді. «Челси» клубы трансферлік терезе жабылғанға дейін оны командада қалдыруы немесе ойын тәжірибесін арттыру үшін жалға беруі мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →