Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді •

    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді

    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін түсіндірді. Ол бапкерінің ұсынысын бірден қабылдамағанын, 90 келіден жоғары салмақта сынақ жасағанын айтты.

    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді

    Сурет: ҰОК

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай суперауыр салмақ дәрежесіне ауысуына не себеп болғанын және жекпе-жектерге қалай дайындалатынын әңгімелеп берді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Боксшының сөзінше, салмақ дәрежесін өзгерту жөніндегі ұсынысты алғаш болып жеке бапкері Асқар Еркебаев айтқан. Алайда спортшы бұл шешімді бірден қабылдамаған.

    Ол біраз уақыт 90 келі салмақта өнер көрсетіп, кейін 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде де күш сынап көрген. Осылайша жаңа санаттың өзіне қаншалықты қолайлы екенін бағалауға мүмкіндік алған.

    «Жеке бапкерім Асқар Еркебаев басқа салмақ дәрежесіне ауысқан дұрыс болатынын айтты. Біз бұл туралы ұзақ ойландық. 90 келі салмақта турнирлерге қатысып жүрдік, кейін 90 келіден жоғары салмақты да байқап көрдік. Біраз уақыт қажет болды, бірақ қазір бұл өте дұрыс шешім болғанына сенімдімін. Соңғы шешімді өзім қабылдадым», – деді Айбек Оралбай.

    Оның айтуынша, жаңа салмақтағы алғашқы маңызды жарыстардың бірі Таиландта өткен Азия чемпионаты болған. Сол додада ол чемпион атанған.

    Кейін Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында суперауыр салмақта өзін еркін сезінетінін түсініп, осы санатта біржола қалуға шешім қабылдаған.

    Айбек Оралбай суперауыр салмақта өнер көрсету үшін міндетті түрде дене салмағын арттыру қажет деген пікірмен келіспейді.

    Боксшының айтуынша, бұл салмақта қарсыластардың дене бітімі мен салмағы әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, өзі 100 келі тартса, қарсыласының салмағы 125 немесе 135 келіге жетуі ықтимал.

    Соған қарамастан ол салмағын әдейі көбейтпеуді жөн көрген. Өйткені артық салмақ қимыл-қозғалысты баяулатып, рингтегі жылдамдыққа кері әсер етуі мүмкін.

    «Кейбір турнирлер арасында салмағым қатты өсіп кеткен кездер болды. Жеңілістер де кездесті. Сол уақыттан бастап салмағымды қатаң бақылауға алдым. Рингке қандай физикалық дайындықпен шығу керектігін нақты түсіндім. Көпшілік суперауыр салмақтағылар салмағын бақыламайды деп ойлайды. Шын мәнінде, біз тамақтану тәртібін де, жаттығу процесін де мұқият қадағалаймыз», – деді боксшы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →