Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты

    Ғалымжан Балабек Ташкентте өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 3:47.13 уақытпен Қазақстан рекордын жаңартып, 12-орынға тұрақтады.

    Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты

    Сурет: ҰОК

    Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Ғалымжан Балабек ел намысын қорғап жатыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Отандық спортшы 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 3:47.13 уақыт нәтижесін тіркеп, 12-орынға тұрақтады. Осы көрсеткіші арқылы Ғалымжан Балабек Қазақстан рекордын жаңартты.

    АҚШ өкілі Карсен Фостер алтын медаль жеңіп алды — 3:37.39. Күміс жүлде бельгиялық Лукас Пьер А. Энвоға бұйырды — 3:37.74. Ал Мэттью Колдуэлл (ОАР) үздік үштікті түйіндеді — 3:40.95.

    Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 10 қазанға дейін жалғасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →