Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді
Ақмола облысындағы «Бурабай» ұлттық паркінде шыққан орман өрті жедел оқшауланып, толық сөндірілді. Экология министрлігі 11 қазанда бір өрт тіркелгенін хабарлады.
Сурет: istockphoto
Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман өрті тіркелді. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау жедел оқшауланып, толық сөндірілді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
11 қазанда Қазақстан бойынша бір ғана орман өрті болған. Ол Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында шыққан. Өрт даладағы жалынның мемлекеттік орман қоры жерлеріне таралуы салдарынан орын алған.
Өртті сөндіруге мемлекеттік орман мекемелерінің күштері мен құралдары, сондай-ақ «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әуе десанттары жұмылдырылды.
Өрт ошағы анықталған сәттен бастап жедел хабарлау жүйесі арқылы қажетті күштер мен құралдар оқиға орнына уақытылы жеткізілді. Соның нәтижесінде өрт қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді, – деп хабарлады министрлік.
