Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды • Непалда табиғи бөгет бұзылып, тағы да қиратушы су тасқыны болды • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Астанада 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты, үш адам құтқарылды • Непалда табиғи бөгет бұзылып, тағы да қиратушы су тасқыны болды • Қазақстандық теннисші Қытайдағы жастар турнирінде күміс жүлде алды •

    Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды

    Түркістанда екі отбасы ағза трансплантациясынан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды. Ұлы анасына бауыр бөлігін, анасы ұлына бүйрек берді.

    Түркістанда екі отбасы трансплантациядан кейін бір күнде ауруханадан шығарылды

    Сурет: turkystan.kz

    Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында ағза трансплантациясынан кейінгі емдеу курсын сәтті аяқтаған екі отбасы бір күнде үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір отбасында ұлы анасына бауырының бір бөлігін берсе, екінші отбасында анасы ұлына бір бүйрегін донор ретінде ұсынған.

    Басқарма хабарламасында: «Бір отбасында 20 жыл бұрын анасы ұлына өмір сыйлаған еді. Бүгін сол ұлы анасына бауырының бір бөлігін беріп, жаңа өмірге мүмкіндік сыйлады. Ал екінші отбасында анасы 20 жыл бұрын дүниеге әкелген ұлына бүгін өз бүйрегін беріп, баласына өмірді екінші рет сыйлады», – делінген.

    Бауыр трансплантациясы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, профессор, академик Болатбек Баймаханов бастаған мамандардың қатысуымен жасалды.

    Денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаны заманауи трансплантология мүмкіндігінің және дәрігерлер кәсібилігінің нәтижесі деп бағалап, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жанқиярлығы мен сүйіспеншілігі ерекше көрініс тапқанын атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →