Алматы облысында пайдаланылмаған 400 мың гектар жер анықталған
Алматы облысында пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасады. Қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері шаруаларға, мал өсірумен айналысатын қожалықтарға беріледі. Жалпы АӨК қолдауға 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды Qazaq.today. Алматы облысы аграрлық-индустриалды аймақ болғандықтан, өңдеуші секторға, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге басымдық беріледі. Бұл туралы баспасөз жиынында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлім…
