Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Куинь Ань «Әлем аруы – Вьетнам» атағынан айырылды

    Вьетнамдық модель Куинь Ань «Әлем аруы – Вьетнам» атағынан айырылды. Ұйымдастыру комитеті оны келісімді бұзды деп айыптады. Ол 2 қазанда Хайфонда өткен байқауда жеңімпаз атанған еді.

    Куинь Ань «Әлем аруы – Вьетнам» атағынан айырылды

    Сурет: pexels

    Вьетнамдық модель Куинь Ань «Әлем аруы – Вьетнам» байқауының жеңімпаз атағынан айырылды. Бұл туралы шешімді 2026 жылғы 18 қарашада байқаудың ұйымдастыру комитетінің басшысы Фам Зуй Кхань жариялаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Айта кетейік, Куинь Ань 2 қазанда Хайфон қаласында өткен байқауда 29 қатысушының арасынан озып, жеңімпаз атанған болатын. Бұл оның осы байқаудағы екінші талпынысы еді. 2024 жылы ол «Әлем аруы – Вьетнам» байқауында бірінші вице-мисс атанған.

    Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, модель алдын ала келісімсіз бір іс-шараға қатысқан. Сонымен қатар ол басқа басқарушы компанияның таныстырылымына барып, сол жерде эксклюзивті келісімшартқа қол қойылғаны жарияланған. Ұйымдастыру комитеті бұл әрекетті өзара келісімді бұзу және байқаудың беделіне нұқсан келтіру деп бағалаған.

    Бұған дейін модельге алты ай бойы жеңімпаз атағымен іс-шараларға қатысуға тыйым салынған. Алайда оған жағдайды түзетуге мүмкіндік берілген.

    Ал ару бұған дейін психикалық денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болғанын, демалып, емделу үшін үзіліс алуы қажет екенін айтқан. Сондай-ақ ол әзірге мансабын басқару жөніндегі келісімшартқа қол қоюға дайын емес екенін мәлімдеген.

    Еске салайық, Пуэрто-Рико астанасы Сан-Хуан қаласында «Әлем аруы» байқауының 75-маусымы өтіп жатыр. Онда қазақстандық ару сахнаға алтын бүркіттің алып қанатымен шығып, көрермендердің назарын аударды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →