Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Иранда хиджабсыз ән айтқан әнші Парасту Ахмадиге 74 рет дүре соғылды • «Жалқы ақиқат солармен бірге өледі!»: Дана Нұржігіт Әлия Бөпежанова туралы жазба жариялады (ФОТО) • Трамп Nvidia басшысын қызметіне қайтаруға тікелей араласты • Щучинскіде монша өртеніп, екі ер адам күйіп қалды • Нидерланд соты BYD-ге Ti7 көлігін ЕО-да сатуға тыйым салды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетикпен» ойнайды • Иранда хиджабсыз ән айтқан әнші Парасту Ахмадиге 74 рет дүре соғылды • «Жалқы ақиқат солармен бірге өледі!»: Дана Нұржігіт Әлия Бөпежанова туралы жазба жариялады (ФОТО) • Трамп Nvidia басшысын қызметіне қайтаруға тікелей араласты • Щучинскіде монша өртеніп, екі ер адам күйіп қалды • Нидерланд соты BYD-ге Ti7 көлігін ЕО-да сатуға тыйым салды • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетикпен» ойнайды •

    Иранда хиджабсыз ән айтқан әнші Парасту Ахмадиге 74 рет дүре соғылды

    Иранда хиджабсыз концерт берген әнші Парасту Ахмади мен оның тобының төрт мүшесіне 74 реттен дүре соғылды. Сот үкімі 23 қарашада орындалды.

    Иранда хиджабсыз ән айтқан әнші Парасту Ахмадиге 74 рет дүре соғылды

    Фото: Euronews

    Иранда хиджабсыз концерт берген әнші Парасту Ахмади мен оның шығармашылық тобының төрт мүшесіне 74 реттен дүре соғу жазасы қолданылды. Бұл туралы әншінің адвокаты Мұстафа Нили мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Адвокаттың айтуынша, сот үкімі 23 қарашада орындалған. Парасту Ахмади мен оның командасындағы төрт адамның әрқайсысына 74 рет дүре соғылған.

    Іс 2024 жылдың желтоқсанында өткен концертке байланысты қозғалған. Сол кезде Ахмади хиджабсыз ән айтып, өнер көрсеткен. Концертке көрермендер қатыспаған, алайда оның бейнежазбасы әншінің YouTube арнасында жарияланып, миллиондаған қаралым жинаған. Осыдан кейін әншіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, Кум қаласының қылмыстық соты концертке қатысушыларды интернетте әдепсіз әрі адамгершілікке қайшы мазмұндағы материалдарды дайындап, таратты және қоғамдық мораль нормаларын бұзды деп айыптаған.

    Сот концертті ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан тоғыз адамға 74 реттен дүре соғу жазасын тағайындаған. Сондай-ақ оларға екі жыл бойы елден шығуға және шығармашылық қызметпен айналысуға тыйым салынған.

    Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы маусым айында бұл үкімнің күшін жоюға шақырған. Ұйым өкілдері дүре соғуды адамның ар-намысын қорлайтын қатыгез жаза деп бағалап, оның азаптауға тыйым салатын халықаралық талаптарға қайшы екенін мәлімдеген. Сонымен қатар ұйым Иран билігін әйелдердің міндетті түрде хиджаб киюі туралы талапты және дене жазаларын алып тастауға шақырған.

    Алайда 2026 жылдың қыркүйегінде апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Арада екі ай өткен соң әнші мен оның төрт әріптесіне қатысты жаза орындалды.

    Айта кетейік, Иранда әйелдерге ер адамдар қатысатын қоғамдық орындарда жеке ән айтуға шектеу қойылған. Елдің қылмыстық заңнамасында әйелдердің ән айтуы жеке қылмыс ретінде көрсетілмегенімен, әншілерге қоғамдық мораль нормаларын бұзу, азғындықты насихаттау немесе хиджаб кию талабын сақтамау бойынша айып тағылуы мүмкін.

    Сондай-ақ елде қоғамдық орындарға хиджабсыз шыққан әйелдерге айыппұл, 10 күннен екі айға дейін бас бостандығынан айыру немесе 74 ретке дейін дүре соғу жазасы қарастырылған.

    Еске салсақ, бұған дейін Ауғанстанда Талибан билігі әйелдердің құқықтарын шектейтін жаңа Қылмыстық кодексті қабылдаған еді. Құжатқа сәйкес, әйелін ұрып, сүйегін сындырған ер адам 15 тәулікке қамалуы мүмкін. Ал ислам дінінен бас тартқан әйелдер өмір бойына бас бостандығынан айырылып, тәубеге келгенше әр үш күн сайын 10 рет дүре соғу жазасына тартылуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →