Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейірхан Тоқаевтан Аленовті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады • Мадиев: AlemLLM — ашық деректерге негізделген ұлттық модель • Бектенов: Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек • 17 жастағы қарағандылық IQ деңгейі бойынша Билл Гейтстен асып, Цукербергпен теңесті • «Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спарринг өткізді • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды • Мейірхан Тоқаевтан Аленовті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады • Мадиев: AlemLLM — ашық деректерге негізделген ұлттық модель • Бектенов: Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек • 17 жастағы қарағандылық IQ деңгейі бойынша Билл Гейтстен асып, Цукербергпен теңесті • «Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спарринг өткізді • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды •

    Мейірхан Тоқаевтан Аленовті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады

    ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы Данияр Мейірхан Президент Тоқаевқа үндеу жасап, министрдің бірінші орынбасары Бауыржан Аленовті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады.

    Мейірхан Тоқаевтан Аленовті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады

    Сурет: qaz365.kz

    Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы Данияр Мейірхан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, ІІМ басшылығына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол Instagram парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде есірткі бизнесіне қарсы белсенді күресі үшін қысымға ұшырағанын мәлімдеді.

    – Мен ұзақ уақыт үнсіз қалдым, корпоративтік этиканы сақтап, офицерлік абыройымды қорғадым. Алайда үнсіздік заң бұзғандардың мүддесіне қызмет ететінін түсіндім. Сіз ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидатын өзіңіз сенім артқан адамдардың бәрі бірдей ұстанбайды, – деді Мейірхан.

    Ол ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленовтің әрекеттерінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану белгілері бар деп есептейтінін айтты. Сондай-ақ генералдың іссапар шығындарын өз қаражатынан төлеуге мәжбүр болғанын мәлімдеді.

    – Неліктен мен шетелдік іссапарлардың шығынын өз қалтамнан төлеуге тиіс болдым? Неліктен министрдің бірінші орынбасарының іссапар шығындарын да мен төледім? Неге ұсынылған қаржылық құжаттарға ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті мен арнайы органдар назар аудармайды? – деді ол.

    Мейірхан өзіне тағылған жыныстық сипаттағы тиісу айыбын да жоққа шығарды. Оның пікірінше, бұл – кәсіби қызметіне байланысты қысым көрсетудің бір тәсілі.

    – Мені есірткі қылмысына қатысы бар деп айыптай алмады. Сондықтан қарамағымдағы қызметкерге жыныстық сипатта тиісу жасады деп айыптады. Бұл айыпқа қатысым жоқ екенін мәлімдеймін. Тіпті биллинг деректері бойынша арызданушымен бір жерде болмағанымызға қарамастан, сот бұған назар аудармады, – деді ол.

    Бұрынғы комитет төрағасы сот шешімінің алдын ала қабылданғанына күмән келтіріп, есірткі қылмысына қарсы күрестің ұйымдастырылуын да сынға алды.

    – Мойындаймын, мен есірткі бизнесіне қарсы күресті тым белсенді бастадым. Бұл біреулерге қатты ұнамаған сияқты. Алайда есірткінің әр грамының артында адам тағдыры тұрғанын ұмытпауымыз керек. Есірткі бизнесінің нақты ауқымы көпшілік ойлағаннан әлдеқайда үлкен, – деді Мейірхан.

    Ол Президенттен Бауыржан Аленовке қатысты өзі ұсынған дәлелдерді назарға алып, генералды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →