«Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спарринг өткізді
Фото: видеодан скрин
Қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар белгілі спортшы Қуат Хамитовты жаттығу залына шақырып, онымен спарринг өткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Жаттығу барысында Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовке әзілдеп, өзін қазақстандық футболшылардың атынан жұдырықтасуға келгендей таныстырды.
«Братан, мен сені Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын. «Ордабасы» да – біздің демеушіміз. Футболшылардың бәрі жиналып, маған ақша жинап берген. Солардың атынан ұрамын», – деп әзілдеді Еркебұлан Тоқтар.
Осылайша, екі спортшының спаррингі әзіл-қалжыңмен өрбіді. Еркебұлан Тоқтар футболшылардың намысын рингте қорғайтынын айтып, Қуат Хамитовпен күш сынасты.
