Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жаңа футбол клубы құрылып, екінші лигаға өтінім бермек • «Бір отбасының тоғыз мүшесі көз жұмды»: Үндістанда ауыр жол апаты болды • Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды • «Ангелина Лукасты жекпе-жек алдында тонап кеткен»: қазақстандық боксшы Германияда келеңсіз жағдайға тап болды • Екі тәулік кешіккен рейс: FlyArystan жолаушылардың ақшасын қайтарудан бас тартты ма? • Рейс кешігеді, орын ауыстыру ақылы, жүкке тағы ақша: жолаушылар тарапынан SCAT-қа қатысты шағым тоқтар емес • Алматыда жаңа футбол клубы құрылып, екінші лигаға өтінім бермек • «Бір отбасының тоғыз мүшесі көз жұмды»: Үндістанда ауыр жол апаты болды • Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды • «Ангелина Лукасты жекпе-жек алдында тонап кеткен»: қазақстандық боксшы Германияда келеңсіз жағдайға тап болды • Екі тәулік кешіккен рейс: FlyArystan жолаушылардың ақшасын қайтарудан бас тартты ма? • Рейс кешігеді, орын ауыстыру ақылы, жүкке тағы ақша: жолаушылар тарапынан SCAT-қа қатысты шағым тоқтар емес •

    «Бір отбасының тоғыз мүшесі көз жұмды»: Үндістанда ауыр жол апаты болды

    «Бір отбасының тоғыз мүшесі көз жұмды»: Үндістанда ауыр жол апаты болды

    Фото: The Daily Mail

    Үндістанның Раджастхан штатында екі күн ішінде екі ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 23 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Ең ауыр апат 22 қараша күні таңертең Кота ауданындағы Шамбхупура ауылы маңында болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған.

    Жол апатынан бір отбасының тоғыз мүшесі оқиға орнында көз жұмды. Тағы сегіз адам жарақат алды. Соққының қатты болғаны соншалық, көлік ішіндегі жолаушылардың кейбірі салонда қысылып қалған. Оларға жергілікті тұрғындар мен полиция қызметкерлері көмек көрсеткен.

    Ал 21 қараша күні кешке Джодхпур ауданында тағы бір жол апаты болған. Жеңіл көлік жолаушылар тасымалдайтын көлікпен соқтығысып, үш адам мерт болды. Тағы 15 адам жарақат алған.

    Қазіргі уақытта полиция екі оқиғаның да мән-жайын анықтап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →