Астана тұрғыны әйелін көліктен лақтырып жіберген
Фото: polisia.kz Астанада ерлі-зайыптылар жанжалдасып, ер адам әйелін машинадан көшеге лақтырып жіберген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Сағат 02.00 шамасында «102» пультіне оқиға куәгерінен GEELY көлігінің мас жүргізушісі жол бойында әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Жүргізуші көлікті тастап, жаяу қашуға әрекеттенгенімен, қамауға алынды. Көлік ішінде ер адамның әйелі болғаны белгілі…
