Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Алматыда көмір жағатын дәмханаларды газ бен электрге көшіру күшейтілді • Алматыдағы зиянды шығарындылардың 60 пайызы автокөліктен • Аян Өтепберген Испаниядағы кинофестивальде «Үздік актер» атанды • Атырауда қызылшамен ауырған бір жасар қыз көз жұмды • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Алматыда көмір жағатын дәмханаларды газ бен электрге көшіру күшейтілді • Алматыдағы зиянды шығарындылардың 60 пайызы автокөліктен • Аян Өтепберген Испаниядағы кинофестивальде «Үздік актер» атанды • Атырауда қызылшамен ауырған бір жасар қыз көз жұмды •

    Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді

    Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуы қаралған кеңес өтті.

    Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді

    Сурет: ernur.kz

    Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында берілген туризм мен спортты дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кеңес жұмысына туризм және спорт министрі, ұлттық экономика, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері, сондай-ақ облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

    Жиында Мемлекет басшысы жариялаған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында өңірлерде жаңа спорт нысандарын салу мәселелері талқыланды. Олардың қатарында Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын нысандар да бар.

    Нұрлыбек Нәлібаев өңірлердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, сапа мен мерзімдерді сақтау қажеттігіне баса назар аударды. Сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманың сапасына және мемлекеттік сараптаманың уақтылы жүргізілуіне ден қою тапсырылды.

    Кеңес қорытындысы бойынша жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →