Тоқаев АҚШ бойынша арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ бойынша арнайы өкіл Ержан Қазыханды қабылдап, Майамидегі G20 саммитіне дайындық барысын тыңдады және стратегиялық серіктестікті дамыту міндеттерін жүктеді.
Фото: Ақорданың Telegram-арнасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөніндегі келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Кездесу барысында Президентке Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндалды.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
