Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Накамура Карлсенді Асаубаеваға қарсы ойыннан бас тартқаны үшін сынады • Төреғали Төреәлі махаббат пен сағыныш туралы жаңа әнін таныстырды • Аймира Аман ұлдарының видеосын жариялап, желі қолданушылары жылы лебіз білдірді • Заурбек Сидаков Арман Царукянмен жұмысы туралы пікір білдірді • Хакерлік шабуылдан кейін IIHF ресми сайтын толық жаңартады • Каспий тюленінің өмірі 50 жылдан 30 жылға қысқарды – зерттеуші • Накамура Карлсенді Асаубаеваға қарсы ойыннан бас тартқаны үшін сынады • Төреғали Төреәлі махаббат пен сағыныш туралы жаңа әнін таныстырды • Аймира Аман ұлдарының видеосын жариялап, желі қолданушылары жылы лебіз білдірді • Заурбек Сидаков Арман Царукянмен жұмысы туралы пікір білдірді • Хакерлік шабуылдан кейін IIHF ресми сайтын толық жаңартады • Каспий тюленінің өмірі 50 жылдан 30 жылға қысқарды – зерттеуші •

    Накамура Карлсенді Асаубаеваға қарсы ойыннан бас тартқаны үшін сынады

    Хикару Накамура Магнус Карлсенді Бибисара Асаубаеваға қарсы қорытынды партияны ойнаудан бас тартқаны үшін сынға алды. Турнирдегі есептер мен нәтижелер.

    Накамура Карлсенді Асаубаеваға қарсы ойыннан бас тартқаны үшін сынады

    Сурет: sports.kz

    Америкалық гроссмейстер Хикару Накамура 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсенді Будапештте (Венгрия) өткен Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаеваға қарсы қорытынды партияны ойнаудан бас тартқаны үшін сынға алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға Fast Classic форматындағы қорытынды партия алдында болды. Сол кезде Карлсен матчта 11,5:8,5 есебімен жеңісін қамтамасыз еткен еді, алайда ойынға шықпады. Асаубаева тақта алдында 15 минут күтуге мәжбүр болды, содан кейін норвегиялыққа техникалық жеңіліс есептелді.

    «Бұл — қабылдауға болмайтын мінез-құлық. Турнир форматына қатысты барлық сұрақтар мен наразылықтарды жарыс басталғанға дейін көтеру керек еді. Маған Бибисараны қатты аяймын, ол тақта алдында отырып, 15 минут күтуге мәжбүр болды. Бұл — Магнустың өзі үшін де, турнир үшін де, жалпы шахмат үшін де қара дақ», — деді Накамура.

    Екінші ойын күні Карлсен қайтадан мерзімінен бұрын жеңісін қамтамасыз етті: блицте төрт партияның барлығын ұтып, рапидте бір жеңіс пен тең ойын тіркеді. 10:2 есебінде норвегиялық екінші рет Fast Classic қорытынды партиясына шығудан бас тартты, оған қайтадан техникалық жеңіліс есептелді. Екінші күннің қорытынды есебі 10:10 болды.

    Екі күннің қосындысы бойынша Карлсен қарсыласты 21,5:18,5 есебімен жеңіп, Knockout 5 жұбату торының финалына шығып, 17-ші орын үшін күресетін болды. Асаубаева 19-шы орын үшін ойнайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →