Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Төреғали Төреәлі махаббат пен сағыныш туралы жаңа әнін таныстырды

    Төреғали Төреәлі махаббат пен сағыныш туралы жаңа әнін ұсынды. Туындының сөзі Қалқаман Саринге, әуені Алмас Мұхтарұлына тиесілі.

    Төреғали Төреәлі махаббат пен сағыныш туралы жаңа әнін таныстырды

    Фото: instagram.com/toregalitoreali

    Әнші Төреғали Төреәлі махаббат пен сағыныш тақырыбына арналған жаңа туындысын көпшілікке ұсынды. Әннің сөзін ақын Қалқаман Сарин жазса, әуенін Алмас Мұхтарұлы шығарған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жаңа әнде сағыныш сезімі мына жолдармен өріледі:

    «Мені ешкім сағынбасын. Сен сағын!..
    Сағын… көзден үзіп мұңның моншағын.
    Дәл осылай сағынуға бола ма? – деп, таңғалсын
    Аспан. Ай. Күн. Жер шары!..»

    Туындысын таныстырған әнші ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сезімі жайында да ой білдірді.

    «Ерлі-зайыптылар бірін-бірі өмір бойы сүйіп өтуі керек. Қалғаны өзінен-өзі шешіледі», – деп жазды Төреғали Төреәлі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →