Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Хакерлік шабуылдан кейін IIHF ресми сайтын толық жаңартады

    Халықаралық хоккей федерациясы хакерлік шабуылдан кейін ресми сайтын толық қайта жасауды бастады. 17 қарашада белгісіз хакерлер порталды бұзып, ресейлік хоккейшілердің суреті бар баннер орналастырған болатын.

    Хакерлік шабуылдан кейін IIHF ресми сайтын толық жаңартады

    Сурет: sports.kz

    Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) ауқымды хакерлік шабуылдан кейін ресми сайтын толығымен қайта іске қосуды бастады. Бұл туралы словакиялық спорт журналисі Мартин Тот Ваньо мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Sport.sk басылымының тілшісі ұйым порталындағы өзгерістерге назар аударып, әлеуметтік желідегі X парақшасында жаңартылған басты беттің скриншотын жариялады. Онда әдеттегі мазмұнның орнына «Line Change in Progress» («Звено ауысуда») деген жазуы бар бос бет пен жаңа веб-ресурстың әзірленіп жатқаны туралы хабарлама орналастырылған.

    «IIHF хакерлік шабуылдан кейін бүкіл сайтын нөлден бастап жасап жатқаны анық», — деп жазды Ваньо.

    17 қарашада белгісіз хакерлер Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ресми сайтын бұзып кірді. Бұл оқиға ресейлік құраманың Канадада өтетін 2027 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына жіберілмеуіне байланысты жанжал аясында орын алды. Бірнеше минут ішінде қаскөйлер басты бетке ресейлік хоккейшілер Илья Ковальчук пен Александр Семиннің жеңісті тойлап жатқан суреті бар баннер мен ағылшын тіліндегі арандатушылық жазу орналастырды: «Боитесь встретиться с Россией? Вы отстранили единственную команду, которую не можете победить» («Ресеймен кездесуден қорқасыздар ма? Сіздер жеңе алмайтын жалғыз құраманы шеттеттіңіздер»). Осыдан кейін ұйым порталы жұмысын тоқтатты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →