Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Жастарға арналған 5% ипотека: «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

    Жастарға арналған 5% ипотека: «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

    Фото: gov.kz

    Алматы қаласында жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй несиесін беретін «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды 24KZ-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Қабылдау 1–15 маусым аралығында жүргізіледі, деп жазды Алматы қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы.  Өтінімдерді kezekte.kz порталындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінде орналасқан «Almaty Jastary» сервисі арқылы жолдауға болады. Жүйеге кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

    Бағдарлама аясында қатысушыларға мынадай шарттар ұсынылады: — несие көлемі 20 миллион теңгеге дейін; — жылдық мөлшерлеме – 5%; — бастапқы жарна – 10%; — бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік. Бағдарламаға Алматы қаласында тұратын 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Негізгі талаптар: — Алматыда кемінде бір жыл тұрақты тіркеу болуы; — соңғы бес жыл ішінде үміткердің және отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы; — кемінде алты ай ресми жұмыс өтілі және міндетті зейнетақы жарналарының болуы. Бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ғылым, журналистика және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, сондай-ақ құқық қорғау және коммуналдық қызмет өкілдеріне арналған. Сонымен қатар «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасына қатысушылар да өтініш бере алады. Толық ақпаратты kezekte.kz порталындағы «Тұрғын үй сервистері» бөлімінен алуға болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →