Алтынай Жорабаева қызын ұзатып, тойдан кейін ауырып қалғанын айтты
Алтынай Жорабаева қызын ұзату тойынан кейін денсаулығы нашарлағанын айтып, келіні Аяуға ризашылығын білдірді. Әншінің жазбасында той естеліктері де сөз болады.
Сурет: ozgeris.info
Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзату тойынан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, денсаулығынашарлағанын жасырмады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Ол өзінің жазбасында былай деді: «Тойдан кейін мазам болмай, ауырып қалыппын. Мұздай су мүлдем ішпеймін. Бірақ тамағым ісіп, дауысым әрең шығып. Есімді енді жиып жатырмын. Қазір ғана телефонымды қолға алып, келінім Аяудың салған посттарын қарап отырмын. Осынша әдемі естеліктерді көріп, бар шаршағаным ұмытылып кеткендей болды», деп жазды әнші.
Сонымен қатар әнші ұзату тойына ат салысқан келініне алғыс айтты.
«Аяулым келінім, “Әпке, ренжімеңізші. Мобилограф түсіріп жатқанда телефоны қызып, өшіп қалыпты. Сіздің арнайы түгелдетіп беріп жіберген бірталай киімдеріңіз сол себепті видеоға түспей қалыпты”, – дейді. Жаңа ғана осы видеоны көріп шықтым. Ештеңе етпейді. Бәрі тамаша шыққан! Халық та қаншама жақсы пікір жазып жатыр екен. Мен де қатты ұнатып, өз парақшама бөлісіп қойдым. Қыз жасауындағы киімдердің әрқайсысына арнайы салынатын қораптарға да алдын ала тапсырыс берген едім. Басында «қажеті жоқ шығар» деп, тіпті қаламағанмын. Қазір қарап отырсам, өте әдемі көрінеді екен. Әр дүниені жинақы, сәнді етіп көрсетіп, қыз жасауының сәнін одан сайын аша түскендей», деді Алтынай Жорабаева.
