Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Рахманұлы Алпамысов қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Суық хабарды спортшының қарындасы Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Жарияланған мәліметке сәйкес, марқұмның рухына арналған бейсенбілік Құран асы 13 тамыз күні сағат 18:00-де өтеді.
«Қатысуларыңыз – марқұмның рухына дұға, біздерге үлкен қолдау. Алла Тағала қабыл етсін! Әмин», – деп жазған Сора Рахмонова.
Бақтыбай Рахманұлы – танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен спортшы Сара Рахмонованың әкесі.
