«Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті
Фото: Видеодан скрин
Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Индира Мәуленова үйінде болған келеңсіз жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Оның сөзінше, бала бағуға және үй шаруасына көмектесу үшін арнайы агенттік арқылы филиппиндік бала күтуші Джойды жұмысқа алған. Алайда біраз уақыт өткен соң қызметкер үйден қашып кеткен.
Индира Мәуленованың айтуынша, кетер алдында үй қызметкері үйді тінтіп, агенттікке тапсырылған төлқұжатын тауып алған. Сондай-ақ үйдегі ақша мен кейбір заттарды өзімен бірге алып кеткен.
«Біз оған агенттік арқылы төрт мың доллар төледік. Өзінің паспорты мен жиналған менің ақшамды алып қашып кеткен», – деді Индира Мәуленова.
Ол осы жағдайдан кейін оқырмандарына үйге қызметкер аларда өте мұқият болуға кеңес берді.
