Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай •

    Блогер-шмогерлер: Меруерт Түсіпбаева Құрылтайға кандидат әншілер туралы бәрін жайып салды

    Блогер-шмогерлер: Меруерт Түсіпбаева Құрылтайға кандидат әншілер туралы бәрін жайып салды
    Фото: ашық дереккөз

    Әнші Меруерт Түсіпбаева өнер адамдарының депутат болуына қатысты пікір білдіріп, Парламентте кәсіби мамандар жұмыс істеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Өнер иесі журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында заң шығару ісімен ең алдымен қаржы, экономика және құқық саласының мамандары айналысуы тиіс деген пікірін жеткізді.

    «Парламентте әнші, биші, күйші, спортшы, блогер-шмогерлер отырмауы керек. Ата Заңның әр тармағын зерттей алатын қаржыгерлер, экономистер мен заңгерлер отыруы қажет», – деді әнші.

    Меруерт Түсіпбаева өнер адамдарының саясатқа келуіне күмәнмен қарайтынын айтып, олардың заң шығару жұмысына қаншалықты дайын екеніне қатысты ойын жасырмады.

    «Өнер адамдары ол жерде не үшін отыр, неге келді деп ойлаймын. Өйткені мен өнер адамдарының, спортшылардың және кейбір блогерлердің IQ деңгейлерін білемін. IQ-ы төмен екенін түсінемін, сеземін. Бір ауыз сөзді құрап айта алмайтындар сол жерде не істеп отырмын деп ойлайды екен?» – деді ол.

    Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, желі қолданушылары арасында түрлі көзқарас тудырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →