Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 6 тамыз 2026 $ 471,0 543,4 5,85
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дүлей дауыл: Өскеменде 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды Астанада атпен жүрген блогерге айыппұл салынды Алматыда заңсыз жүрген 35 шетел азаматы елден шығарылды Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында үйректерді талаған иттің иесі жеңіл жазамен құтылды Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде 25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО) Дүлей дауыл: Өскеменде 25 мыңға жуық абонент жарықсыз қалды Астанада атпен жүрген блогерге айыппұл салынды Алматыда заңсыз жүрген 35 шетел азаматы елден шығарылды Балалар жүретін көшеде алабай бос жүр: Ақмола облысында үйректерді талаған иттің иесі жеңіл жазамен құтылды Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде 25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО)

    Алматыда 594 пәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

    Алматыдағы Наурызбай ауданында Қалқаман-2 шағын ауданында 594 пәтері бар тұрғын үй кешені салынып бітті. Жоба эконом-класс санатындағы тұрғын үйлерді қамтиды.

    Алматыда 594 пәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

    Наурызбай ауданында өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева журналистермен бірге нысандарды аралап, аудандағы жүзеге асып жатқан негізгі жобалар мен жоспарларды таныстырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Баспасөз туры барысында алғашқы нысан Қалқаман-2 шағын ауданындағы тұрғын үй кешені болды. Мұнда 2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында халыққа қызмет көрсету нысаны бар көп пәтерлі тұрғын үй салу жобасы қолға алынған. 2024 жылдың сәуірінде басталған жобаның бас мердігері – «ҚазҚұрылысПодряд» ЖШС. Нысанды биылғы тамызда табыстау жоспарланған.

    Аудан әкімінің айтуынша, әлеуметтік маңызы зор бұл жоба алматылықтарды қолжетімді әрі жайлы баспанамен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жеті жерде ауданы 34 мың шаршы метрден асатын 594 пәтерлі тұрғын үй салынған. «Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, сапалы әрі қолжетімді инфрақұрылым мен тұрғын үй салу басым бағыт болып отыр. Наурызбай ауданында соңғы бес жылда әлеуметтік осал топтарға ғана 5600-ден астам пәтер берілді. Соңғы үш жылда бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді тапсырдық. Соның ішінде 710 мың шаршы метрден астамы – эконом-класс санатындағы тұрғын үй», – деді Нәзира Тоғызбаева.

    Жаңа тұрғын үй кешенінде 184 бір бөлмелі, 248 екі бөлмелі және 162 үш бөлмелі пәтер қарастырылған. Ішкі құрылыс пен әрлеу жұмыстары толық аяқталған. Қазір аумақты абаттандыру басталды: жаяу жүргіншілер жолдары салынып, аула көгалдандырылуда.

    Баспасөз туры кезінде журналистер құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, тұрғын үйлердің дайындық деңгейін көріп, мердігер ұйым мен аудан әкімдігі өкілдеріне сұрақ қойды. «Бұл тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер өте қолайлы. Жоба тоғыз қабатты жеті тұрғын үйден тұрады. Мұнда барлық қажетті жағдай жасалған. Әр үйде жолаушы мен жүк лифтісі орнатылған. Пәтерлер әрлеп тапсырылады, бұл тұрғындарға артық күш жұмсамай, бірден қоныстануға мүмкіндік береді», – деді «ҚазҚұрылысПодряд» ЖШС өкілі Диас Қабдығалиев.

    Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту Наурызбай ауданында басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл аудан қаладағы ең жылдам дамып келе жатқан аудандардың бірі саналады. Мұндай жобаларды іске асыру тұрғын үй қорын ұлғайтып қана қоймай, қажетті әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бар қалалық кеңістікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    «Қазір ауданда 176 көппәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Жалпы тұрғын үй көлемі – 443 мың шаршы метр. Барлығы 6165 пәтер бар. Оның ішінде биыл эконом-класс санатындағы 64 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл – 208 мың шаршы метр тұрғын үй. Соның нәтижесінде биыл 3625 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі», – деп толықтырды аудан әкімі.

    Қалқаман-2 шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылысы мен абаттандыру жұмыстарының аяқталуы Алматы тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →