Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
Фото: instagram.com/fc_atyrau
«Атырау» футбол клубы Самат Смақовтың команданың бас бапкері қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан футболына жақсы таныс маман бапкерлік жолында «Ордабасы» клубының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарып, «Елімай» командасын басқарған.
Оның жетекшілігімен семейлік клуб Премьер-Лигаға жолдама алған. Кейін Смақов «Астана» клубында техникалық директор қызметін атқарып, «Жетісудың» бас бапкері болды.
«Самат Қабирұлы футболшы ретінде де Қазақстан футболында өзіндік із қалдырған. Ұлттық құрама сапында 76 кездесу өткізіп, еліміздің алты дүркін чемпионы және төрт дүркін Қазақстанның үздік футболшысы атанған. Жаңа бас бапкерімізге сәттілік, толағай табыс және жарқын жеңістер тілейміз!» — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық маман Владимир Чебурин екі жақты келісім бойынша «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметтен кетті.
