Алматыда Jas Vibe акциясы басталды
Алматыда Jas Vibe акциясы басталды. 3-12 тамыз аралығында арнайы автобус қала тұрғындарын ALMA LOVE 2026 фестивалінің қорытынды концертіне шақырады.
3 тамызда Алматы қаласында Дүниежүзілік жастар күніне арналған ALMA LOVE 2026 қалалық жастар фестивалі аясында «Jas Vibe» мерекелік акциясы старт алды. Жоба 12 тамызға дейін жалғасады, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауды және фестивальдің қорытынды іс-шараларына шақыруды мақсат етеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Он күн бойы қала көшелерінде арнайы брендтелген автобус жүріп өтеді. Маскоттар мен «Жас Алматы» белсенділері тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтап, түрлі интерактивтер ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Сонымен қатар олар барша алматылықтарды 12 тамызда өтетін фестивальдің қорытынды концертіне шақырады.

Бұл акция аясында интерактивті ойындарға белсенді қатысқан тұрғындар ALMA LOVE 2026 фестивалінің қорытынды концертіне арналған фан-аймаққа шақыру билетіне ие бола алады.

Жоба жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, қалалық бірлік пен достық рухын қалыптастыруға, сондай-ақ жастар мәдениетін дамытуға бағытталған.
«Осындай мерекелік жобалардың қаланың әр ауданында өтіп жатқаны өте қуантады. Бұл адамдарды біріктіреді, жақсы көңіл күй сыйлайды және жастардың бастамаларына қызығушылықты арттырады. Міндетті түрде фестивальдің қорытынды концертіне қатысамын», — деп атап өтті акцияға қатысқан Алматы қаласының жас тұрғаны.
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын ALMA LOVE 2026 фестивалі Дүниежүзілік жастар күніне орай мәдени, спорттық, білім беру, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы ондаған іс-шараны біріктіреді.
