Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Маңғыстауда мұнай кен орнында  өрт шықты

    Маңғыстау облысының экология департаменті «Құлжан» мұнай кен орнында 7 тамызда болған өрттің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Департамент мәліметінше, 2026 жылғы 7 тамызда сағат 18:10-да Meerbusch ЖШС-не қарасты «Құлжан» мұнай кен орнының «Мұнай қабылдау пунктінде» өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрт көлемі 2000 м³ болатын №2 резервуарындағы түптік шөгінділерді ішкі тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде цементтеу агрегатында шыққан.

    Жұмыстар жүргізілген уақытта №2 резервуары бос болған, яғни резервуарда мұнай болмаған.

    Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 19:20-да оқшауланып, сағат 20:00-де толық сөндірілген. Қазіргі уақытта объект штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алдын ала мәліметтер бойынша, елеулі материалдық залал анықталған жоқ.

    Оқиға туралы белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті және мемлекеттік еңбек инспекциясы хабардар етілген.

    Өрттің түпкілікті себебі мен ықтимал материалдық залалдың мөлшері және оқиғаға құқықтық баға объектіні тексеру және тиісті тексеру іс-шараларын жүргізу нәтижелері бойынша анықталмақ.

    Технологиялық жабдықтар мен объект аумағынан тыс жерлерге мұнай төгілуіне жол берілген жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →