Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде

    Қырғызстан басшысы Жапаровтың жиені ұсталды

    Бішкекте Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today  Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

    Бішкектің Бірінші Май аудандық сотының мәліметінше, ер адам 26 шілдеге дейін 1 тергеу изоляторына қамалған.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев күдіктінің мемлекет басшысының туысы екенін растады.

    Президент әкімшілігіндегілер ұсталған азамат президенттің туысқан ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы екенін нақтылады. Ішкі істер министрлігі оны кедендегі сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты деген күдікпен ұстады.

    «Бұл туралы хабардар болғаннан кейін президент күдіктілерге заңды шара қолдануды талап етті. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлықпен күресте іріктеу жоқтығын тағы бір мәрте көрсетті. Туыстық және басқа да байланыстарына қарамастан кез-келген азамат қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаған жағдайда заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады. Егер іс сыбайлас жемқорлыққа қатысты болса, онда келтірілген зиянды өтеу міндетті», — деді Сұлтанбаев.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →