Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады
Бельгия Королі Филипп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдап, Ұлттық күн құттықтауына алғыс білдірді.
Бельгия Королі Филипп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдап, онда Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Сонымен қатар, Король Филипп биыл Президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.
